Venue credit бонустары Wolt серіктестік порталында қалай дұрыс қолданылады

Venue credit бонустары арқылы клиентпен қарым-қатынасты жақсартып, олардың пікірлерін қайталанатын тапсырыстарға айналдырыңыз.

Бұл нұсқаулықта не қамтылған:

Бұл нұсқаулықта Venue credit бонустарын тиімді пайдалану арқылы клиент сенімін арттырып, оларды тұрақты сатып алушыларға қалай айналдыруға болатынын көрсетеміз.

Venue credit бонустары дегеніміз не?

Venue credit бонустары — тапсырыстан кейін пікір қалдырған клиенттерге алғыс ретінде ұсынылатын арнайы сыйақы. Бұл сізге көмектеседі:

  • Бір реттік клиентті қайта оралатын клиентке айналдыруға

  • Жағымды пікір қалдырғандарға ризашылығыңызды білдіруге

  • Кейбір келеңсіз жағдайларды оң шешуге

Серіктестік порталында пікірлерді қарап, жауап беріп және сол жерден Venue credit бонустарын жіберуге болады.

💡 Кеңес: Venue credit бонустарын дұрыс әрі стратегиямен қолдану — клиент сенімі мен қанағаттанушылығын арттыратын маңызды құрал бола алады.

Venue credit бонусын жіберу тәртібі

  1. Серіктестік порталына кіріп, өз орныңызды таңдаңыз

  2. «Бизнес аналитика» бөліміне өтіп, «Бағалар мен пікірлер» қойындысын ашыңыз

  3. Бонус жібергіңіз келетін пікірді таңдаңыз

  4. Сомасын енгізіп, хабарламаңызды жазыңыз

  5. «Кредит жіберу» батырмасын басыңыз

💡Маңызды ескертпелер

  • Бонус 30 күнге дейін жарамды

  • Тек клиент қолданған бонус үшін ғана төлем жасайсыз

  • Барлық пайдаланылған бонустар шот-фактурада «Өнім сату» бөлімі арқылы көрсетіледі

  • «Бағалар мен пікірлер» бөлімінде жіберілген және пайдаланылған бонустардың статистикасын көре аласыз

Venue credit бонустары қалай жұмыс істейді?

Пікірді таңдаған кезде сіз:

  • Клиентке жіберілетін бонус сомасын көрсетесіз

  • Хабарламаға визуалды сурет қоса аласыз

  • Дайын үлгі хабарламаны қолдануға немесе өзіңіз жаза алатын жеке хабарлама енгізуге болады

Сондай-ақ келесі ақпаратты көре аласыз:

  • Тапсырыс сомасы

  • Қолданылған жеңілдіктер

  • Клиенттің жаңа не тұрақты екені

  • Бағалау түрі

Бонус жіберілгеннен кейін не болады?

Клиент:

  • Электрондық пошта арқылы бонус сомасы, хабарлама және қалай қолдануға болатыны жөнінде толық ақпарат алады

  • Қолданбада бонус қолжетімді екені және 30 күн ішінде жарамды екені жайлы хабарлама көреді

  • Сол 30 күн ішінде сіздің орныңыздан тапсырыс берген кезде бонусын пайдалана алады

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Барлық жіберілген бонустар үшін төлем жасаймын ба?

 Жоқ, тек клиент қолданған Venue credit бонустары үшін ғана төлем жасайсыз. Олар шот-фактурада «Өнім сату» бөлімінде жеке көрсетіледі.

Бонус қанша уақытқа жарамды?

 Жіберілген күннен бастап 30 күн ішінде жарамды.

Бонус санына шектеу бар ма?

Санына шектеу жоқ. Бірақ бір бонусың ең жоғары сомасы сіздің орналасқан еліңізге байланысты болады.

Пайдаланылған бонустарды қайдан көре аламын?

Серіктестік порталындағы «Бағалар мен пікірлер» бөлімінде барлық жіберілген және қолданылған Venue credit бонустарының жиынтығын көре аласыз.

Қосымша көмек керек пе?